Шолақ белсенділердің кесірінен миллиондаған азаматтың мүддесіне нұқсан келіп жатыр- Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жағдайға байланысты Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде шолақ белсенділердің ортақ іске қалай кесірін тигізгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Естеріңізде болса, 2020 жылдың мамыр айында менің ұсынысыммен азаматтардың бейбіт жиналыстарды өткізуі туралы заң қабылданды. Бұл заң, шын мәнінде, елімізде демократияны ілгерілету бағытында жасалған маңызды қадам. Өйткені құжатта митингілер мен жиналыстарды өткізу үшін рұқсат алудың қажет еместігі, тек билік органдарына ескерту жеткілікті екені қарастырылған. Жиынды еліміздің кез келген қаласының орталығында өткізуге болатыны көрсетілген», - деген Президент аталмыш заң митингтер мен жиындарды елдегі барша қалалардың орталық аудандарында өткізуге мүмкіндік беретінін еске салды.

Алайда қай жерде жиналып, не айтсақ та құқымыз бар деп санайтын кейбір «құқық қорғаушылар» мен «белсенділер» өздерін заңнан жоғары қояды.

«Осындай шолақ белсенділердің жауапсыз әрекеттерінің кесірінен полиция қызметкерлері өздерінің негізгі құқықтық тәртіпті сақтау қызметіне толық көңіл бөле алмайды. Оларға көбінесе зорлық-зомбылық көрсетіп, тіл тигізеді, интернет бұғатталады. Нәтижесінде миллиондаған азамат пен отандық бизнес зардап шегеді. Яғни, ішкі экономикалық, әлеуметтік және саяси тұрақтылыққа орасан зор зиянын тигізеді»,-деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар