Шоқыну мерекесі: Ақмола облысында қандай талаптар сақталуы тиіс
«Ақмола облысының аумағында Шоқыну мерекесін өткізу кезеңінде коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Қаулы етемін:
- Ақмола облысының әкімдігі, аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері Шоқыну мерекесін өткізу кезеңінде карантиндік шаралардың сақталуын бақылауды;
- Ақмола облысының аумағында діни мереке күні жаппай шомылуды (10 адамнан астам) ұйымдастыруға және өткізуге жол бермеуді;
- 60 жастан асқан адамдардың шомылмауын;
- шомылу орындарында келушілердің «кіру және шығу» аумағын белгілеуді;
- киініп-шешіну орындарында келушілердің санын 10 адамнан аспайтындай шектеуді; -
- жарықтандыру және киелі су шашу, шомылу орындарында әлеуметтік қашықтықты сақтауды;
- кемінде 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтықты ұстануды;
- қол алысуды немесе тікелей байланыстың басқа да түрлеріне жол бермеуді;
- жарықтандыру және қасиетті су себу орындарында, күту және жылыту пунктерінде (киініп-шешіну бөлмесі бар жылы үй-жайлар, шатыр) маска режимін сақтауды (әр 3 сағат сайын ауыстыру, бірреттік немесе көп рет қолданылатын маскаларды міндетті түрде кию) қамтамасыз етсін, - делінген құжатта.
Сонымен бірге, аталмыш қаулыға сәйкес, Ақмола облысы бойынша дін өкілдері Шоқыну мерекесін өткізу кезінде карантиндік шаралардың сақталуын қамтамасыз етуі қажет:
- 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін жарықтандыру және қасиетті сумен бүрку жүргізілетін шіркеулердің үй-жайларында толымдылығы 50 пайыздан аспауы тиіс;
- қол алысуды немесе тікелей байланыстың басқа түрлерін болдырмау;
- шіркеулерде қасиетті су таратуды жүзеге асыратын адамдарға әр 2-3 сағат сайын міндетті түрде ауыса отырып, бірреттік қолғаптар мен қорғаныс маскаларын қолдану;
- 25.12.2020 жылғы № 67 Қаулыға сәйкес діни объектілерде санитарлық-дезинфекциялық режим талаптары сақталуы тиіс (№20 қосымша).