Шоқыну діни мерекесі күндері астанада құтқарушылар жұмысы күшейтіледі

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Крещение Господня» православиелік діни мерекесі күндері елорданың төтенше жағдайлар мамандары күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«19 қаңтарда жаппай шомылу кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кезекшілік болады. Яғни шомылу орындарында жедел-құтқару жасағының және Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері күшейтілген тәртіппен жұмыс істейді. Аталған шараға жеке құрамнан 31 адам және 6 техника жұмылдырылады. Суға түсетін орындарда ұйымдастырушылар мен қатысушыларға қосымша нұсқама өткізіледі»,– деді Астана қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Азамат Құсайынов елорданың коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде.

Сондай-ақ ТЖД өкілі кімдерге суға түсуге болмайтынын айтты.

«Крещение мерекесінде балалар мен қарттарға, салқын суға түсуде тәжірибесі жоқ адамдарға, сонымен қатар жүрек-қан тамыры аурулары барларға шомылуға кеңес берілмейді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар