Шоқпар стансасында рельстен шығып, аударылып қалған цистерна өртенді

ШОҚПАР. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Шу ауданының Шоқпар стансасында вагон өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
30 маусым түнгі 01:44 кезінде Шоқпар стансасында екі вагон рельстен шығып кеткен. Оның бірі - 60 тонна бензин құйылған цистерна болса, екіншісі - контейнерлі платформа. Екеуі де - «Алматы-Ақтоғай» жүк пойызының вагондары.
Жанармай құйылған цистерна бір бүйіріне аударылып қалған. Салдарынан мұнай өнімі ағып, өрт тұтанды.
Қызыл жалын 600 шаршы метр аумақты шарпыған. Темір жолдың 75 метр төсемі бүлінді.
Оқиға орнына Жамбыл облыстық ТЖД басшысы Бағдат Данилов пен өрт сөндіру бөлімінің басшысы Ермек Момбаев барды.
Шу, Алайғыр, Еспе стансаларында 10 жолаушы пойызы жолдан қалды.
ҚТЖ қызметкерлері жақын маңдағы 10 үйден 42 адамды эвакуациялады. Олар Шоқпардағы туыстарының үйіне жайғасты.
Өрт таңғы 05:20 кезінде сөндірілді.
- Оралда гараждағы өрттен әйел адам көз жұмды
- Телефонын алып қойған: ШҚО-да анасына өкпелеген бала үйінен қашып кетті
- Қостанай облысында 3 автокөлік соқтығысып, бір адам көз жұмды
- Ақтөбе облысында базар жанып кетті
-
Елордада 4 көлік соғылып, бір адам қаза тапты
-
Атыраудың 8 ықшамауданында тұрғындар жарықсыз отыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам