+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Шөкеев Түркістандағы жаңа нысандарды сапалы салып, мерзімінде аяқтауды ескертті

2019 жылғы 29 қазан 15:55
Бөлісіңіз:
Шөкеев Түркістандағы жаңа нысандарды сапалы салып, мерзімінде аяқтауды ескертті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бүгін Түркістан қаласындағы қазаны қайнаған құрылыс алаңдарын аралап шықты. Аймақ басшысы бастаған топ алдымен, «Turkistan» индустриалды аймағында болып, «Нұр-Сұлтан» алаңының алдында бой түзеген нысандарда атқарылып жатқан жұмыстарды көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өмірзақ Шөкеев Жапония Елшісін қабылдады Өмірзақ Шөкеев Келес ауданында әлеуметтік маңызы бар нысандарды тексерді

«Turkistan» индустриалды аймағында Польша мен Түркия елдерінің инвесторлық компаниялары құрылыс заттары мен төмен қуатты созба сым өндіру желісін іске қоспақ. Жоспар бойынша бұл аумақта келер жылы тағы 10 өндіріс орны ашылады. Әлемдік тәжірибеге негізделе жасақталып жатқан индустриалдық аймақ 100 га жерді алып жатыр. Алдағы уақытта оның аумағы үш есе артпақ. Өңірдің экономикасын арттыру бағытында индустриалдық аймақтардың жұмысы жүйеленіп, әрбір ауданның ерекшелігі мен мүмкіндігіне қарай дамитын болады. Ал, «Нұр-Сұлтан» алаңының алдында Жаңа әкімшілік іскерлік орталығы мен Медиа орталығының ішкі безендіру жұмыстары жүргізілуде. Алматы қаласының тапсырысымен салынып жатқан нысанның жалпы көлемі – 3 мың шаршы метрді құрайды.

Түркістан қаласының рухани-мәдени аймағында Қостанай облысының тапсырысымен «Неке сарайы» салынуда. Оның жалпы аумағы – 0,36 га.

Айта кетейік, облыс орталығында өңір әкімдіктері, ұлттық компаниялар және бизнес өкілдері тарапынан 26 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 11 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Өмірзақ Шөкеев құрылыс барысын қадағалап, жұмыстардың талапқа сай жүріп жатқанына куә болды.

Бұдан бөлек, аймақ басшысы көгалдандыру жұмыстарының барысын бақылады. Кентау тасжолының бойына отырғызылған көпжылдық ағаштар Түркістанды жасыл аймаққа айналдырады. Көгалдандыру мақсатында ең алдымен суландыру жүйесін жетілдіру маңызды болғандықтан, жаздың аптап ыстығында егілген ағаштар мен гүлдер, шалғындарға су жеткізу үшін қаланың бірнеше бағытынан келетін каналдар күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT