Шөкеев сырттан 100 мың сиыр мен 415 мың ұсақ мал сатып алмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстан 30 мың тонна сиыр етін экспортқа шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Мемлекет басшысы 2019 жылғы 30 қаңтарда өткен кеңейтілген отырыста сала алдына бірқатар міндеттер қойды. Ет экспортын арттыру бойынша, өздеріңіз білесіздер, өткен жылы 19 мың тонна сиыр еті экспортталды. Биылғы жылғы меже 30 мың тонна сиыр етін экспорттау жоспарланып отыр", - деді министр.

Оның айтуынша, берілген тапсырманы орындау үшін етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын іске асыру жалғасатын болады. Ірі қара малды тұқымдық түрлендіру жүргізіледі.

"Биыл 1,2 млн бас ірі қара мал тұқымдық түрлендіруге қатысуы тиіс. Бордақылау алаңдарына 353,6 мың бас бұқашық жеткізу керек және 100 мың бас ірі қара мал, 415 мың бас ұсақ мал сатып алу керек. Ол үшін қажетті кредиттік ресурстар қарастырылған", - деді Ө.Шөкеев.

Соңғы жаңалықтар