Шөкеев «Шардара Армспорт» клубына шағын автобус тарту етті

None
None
ШАРДАРА. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Шардарадағы «Шардара Армспорт» клубының спортшыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі әлемдік деңгейдегі жарыстарда өздерінің мықтылығын танытып жүрген жастарға ризашылығын білдіріп, қоғамдық көлікті тарту етті.

Аймақ басшысы ауданға сапары кезінде облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, «Шардара Армспорт» спорт клубының негізін қалаушы Арман Қарсыбаевпен кездесті. Әкім алдағы уақытта да клубтан жаңадан чемпиондар шыға беретініне сенім білдірді.

Өмірзақ Шөкеев бұл күні жаңадан салынған әлем чемпиондары аллеясының және таэквондо, каратэ, жеңіл атлетика залдарының ашылу салтанатына қатысты. Аталған аллеяға алғашқы ағашты отырғызды.

Спорт клубына шағын автобусты тарту етіп, көліктің кілтін қол күресінен әлем чемпионы Мағжан Шамиевке табыстады.


Өмірзақ Шөкеев шардаралық чемпиондармен естелікке суретке түсіп, оларға алдағы уақытта Румынияда өтетін әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінуге тілектес екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар