Шоқан Уәлиханов - 185: Омбылықтар қазақ ғалымын еске алды

ОМБЫ. ҚазАқпарат - Ресейдің Омбы қаласында Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығы атап өтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанның Омбы қаласындағы консулдығы әлемдік ғылымның атақты өкілдерінің қатарында лайықты орны бар ұлы қазақ зерттеушісі, ағартушысы және саяхатшысы Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жыл толуына арнап еске алу акциясын ұйымдастырды.
Ұлы ғалымның есімі берілген көшедегі дипломатиялық өкілдік ғимаратының жанында орналасқан Ш. Уәлихановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Оған қатысқандар Ш. Уәлихановтың Қазақстан мен Ресейдің ғылымы мен мәдениетінің дамуына баға жетпес үлес қосқанын, ал оның есімі екі ел арасындағы достықтың символына айналып, әлемдік ғылымның көрнекті тұлғалары арасында лайықты орын алатындығын атап өтті.
Өз кезегінде Консулдықтың басшысы Ырысқали Дәуренбек Омбы облысының үкіметіне ұлы ғалымның атын есте сақтағаны және осы іс-шараны өткізуге көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдірді.
Іс-шараға сондай-ақ Омбы облысы Үкіметі төрағасының орынбасары, Өңірлік саясат және бұқаралық коммуникациялар министрі Михаил Каракоз, Ресей Сыртқы істер министрлігінің Омбы қаласындағы өкілдігінің басшысы Евгений Косинцев және Омбы кадет әскери корпусының бастығы, полковник Вячеслав Саликов қатысты.
- Мәскеудегі митинг кезінде 40-тан астам полиция қызметкері жараланды
- Хоккей: «Барыс» «Витязь» клубынан басым түсті
- Мәскеу орталығында 4 мыңдай адам шеруге шықты
- Ядролық қаруға тыйым салатын шарт: Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы мәлімдеме жасады
-
Әзербайжан қайраткерлері «Абай 175 жыл» медалімен марапатталды
-
«Едіге» жыры әлемдік өркениеттің музыкалық мұрасына қосылуы керек
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам