Шөберелерім бейбіт елде өмір сүріп жатқанына шүкіршілік етемін - Николай Нестерюк

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ жеріндегі мәнді өміріме шүкіршілік етемін. Бұл туралы Алғыс айту күніне арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының салтанатты шарасында тілшілерге «Радима» беларусь мәдени орталығының өкілі Николай Нестерюк мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Беларусь елінің тумасы өмірінің негізгі бөлігін Қазақстан жерінде өткізген. Осында отбасын құрып, екі қыз және бір ұл тәрбиеледі. Қазіргі кезде төрт шөбересі бар. Биыл мамырда ақсақал өзінің 79 жасқа толғанын атап өтпек.

«1962 жылы Германияда әскери борышымды өтеп болғаннан кейін, мені бірден сол кезде Целиноград атауына ие болған осы жерге жолдамамен жіберді. Құрылыс саласында көп жылдар бойы қызмет еттім. Еңбегіме қарай бірқатар марапаттарға ие болдым. Жалпы, өзімнің өмір жолыма шүкіршілік етемін, 22 жасымнан бастап өмірімді осы өлкемен байланыстырдым. Қазақ жерінде еңбекпен әрі бейбітшілікте өмір сүріп келеміз», - деді Н. Нестерюк.

Сонымен қатар ол қазіргі жастарға қатысты пікірін білдірді.

«Жастардың жұмыстан қашатындығы таңғалдырады. Өзім 15 жастан бастап колхозда қара жұмыс істеп, табысты болдым. Бүгінде 43 жастағы көршім бар және ол жұмыссыз отыр. Ал оның ата-анасы зейнеткер. Сондықтан жастарды еңбекке баулу мәселесіне ерекше назар аудару керек деп санаймын», - деді Николай Нестерюк.

Соңғы жаңалықтар