ШОБ жыл соңына дейін мемлекеттік мүлікті жалдау ақысынан босатылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың соңына дейін шағын және орта бизнес мемлекеттік мүлікті жалдау ақысын төлеуден босатылады. Бұл жайында Бизнес-омбудсмен аппараты басшысының міндетін атқарушы Шығыс Темір Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Достар, тамаша жаңалық! Бүгін Ұлттық экономика министрінің жылдың соңына дейін мемлекеттік мүлікті жалдаудан ШОБ-ты босату туралы бұйрығы ресми жарияланды. Ұлттық экономика министрі 9 қазанда №75 бұйрықты қабылдады. Маңыздысы, біз қауіптеген 1 қыркүйектен емес 20 маусымнан бастап ақы төлеуден босататын болды. Бұл бұйрық мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру ережесін 53-1-тармақпен толықтырады: «Жылжымайтын мүлік объектісін мүліктік жалдағаны (жалға алғаны) үшін жалдау ақысы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 2020 жылғы 20 маусымнан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде есептелмейді. Бұған дейін осындай босату 20 наурыз бен 20 маусым арасында енгізілген болатын. Осылайша, карантиндік шектеу енгізілуіне байланысты шағын және орта бизнес жалға алу ақысын 9 айдан астам төлемейді. Бизнес үнемдейтін жалпы сома болжамға сәйкес осы кезеңде шамамен 36 млрд теңгені құрайды«, - деді ол.

Оның атап өтуінше, бұйрық ресми жарияланған күннен бастап, яғни 14 қазаннан күшіне енеді.


Соңғы жаңалықтар