ШОБ-қа енгізілген мораторий биыл тексерулер санын 67 пайызға төмендетуге ықпал етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтері бойынша соңғы жылдардың динамикасы көрсеткендей, жүргізіліп жатқан тексерулердің, соның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тағайындалған тексерулердің азайуының оң үрдісі байқалады.

«2014 жылдың 11 айында 86 841 тексеру тағайындау актісі тіркеген. Енгізілген мораторий барлық тексерулер санының 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 176 мыңға (262 886-дан 86 841-ге), яғни 67 пайызға төмендеуіне әсер етті», - делінген аталған комитет мәліметінде.

Бұл ретте жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру 110 мыңға немесе 80 пайызға (173 082-тен 30 807-ге), оның ішінде шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты тексеру 136 мыңға немесе 86 пайызға (158 915-тен 22 050-ге) азайған.

Соңғы жаңалықтар