ШҚО жүргізушілеріне «Сергек» арқылы 3,5 млрд теңге айыппұл салынды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір жылда көлік жүргізушілеріне «Сергек» камералары арқылы 3,5 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы халық алдында есеп берген ШҚО полиция департаментінің бастығы Серік Жүнісбеков мәлімдеді.

«Құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Өткен жылы облыс бойынша 470 733 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде «Сергек» аппараттық бағдарламалық кешенінің көмегімен 137 158 құқық бұзушылық анықталды. Жүргізушілерге жалпы сомасы 3 млрд 500 млн теңгеден астам айыппұл салынды», - деді ол.

Бір жыл ішінде тәртіп сақшылары 2 000-ға жуық мас жүргізушіні ұстады.

Ал 1 442 адам жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін жауапқа тартылған.


Соңғы жаңалықтар