ШҚО жолдарын дұрыс күтіп ұстамаған 15 лауазымды қызметкер жауапқа тартылды

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының жолдарын дұрыс күтіп ұстамаған 15 лауазымды қызметкер жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары өңір аумағында жол-көлік оқиғаларын азайту, жолдағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында айлық өткізіп жатыр.

«Соның аясында көшелер мен көлік жолдарына 400-ден астам тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, 23 қауіпті учаске есепке алынды. Жолдарды дұрыс күтіп ұстамаған жол-коммуналдық қызметтердің 15 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша 350 нұсқама берілді», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, жөндеу және реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатқан жерлерге қосымша 130-дан астам ескерту белгісі орнатылды. Жолға жауапты мекемелер тағы 250 белгіні ауыстырды.


Соңғы жаңалықтар