ШҚО жағажайларында 200-ден астам тыйым салу белгісі орнатылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шомылуға болмайтын жағажайларға 212 тыйым салу белгісі орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша шомылуға рұқсат етілмеген 64 учаске бар. Онда 133 тыйым салу белгісі орнатылған. Бұл су айдындарының түбін сүңгуірлер тексермеген, құтқарушылар мен дәрігерлерге арналған бекет жоқ.

«Жыл басынан бері облыс бойынша 5 адам суға батты. Қайғылы оқиғалардың барлығында азаматтар жабдықталмаған жерлерде шомылған. Осы ретте, өңір жұртшылығынан қауіпсіздік ережелерін әркез қаперде ұстап, тек рұқсат етілген жағажайларда шомылу керектігін еске саламыз», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Тыйым салу белгісін орнату шаралары бүкіл шомылу кезеңінде жалғасады. Айта кетейік, жабдықталмаған жерлерде суға түскендер ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.


Соңғы жаңалықтар