ШҚО жағажайларында 133 тыйым салу белгісі орнатылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы шомылуға рұқсат етілмеген жағажайларға 133 тыйым салу белгісі орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша шомылуға рұқсат етілмеген 64 учаске бар. Онда 133 тыйым салу белгісі орнатылған. Алайда тұрғындар ол жерлерге баруларын тоқтатар емес.

«Судағы қайғылы оқиғалардың негізгі себебі - тыйым салынған жерлерде шомылу. Мұндай су айдындарының түбін сүңгуірлер тексермеген, тереңдігі шамамен 40-60 метрге жетеді, ағыны да қатты. Құтқарушылар жағалауды үнемі патрульдеп, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде», - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов.

Оның айтуынша, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау және тыйым салынған жерлерде шомылу қайғылы оқиғаларға әкеп соғуы мүмкін. Өткен шомылу маусымында осындай қауіпті су айдындарында 31 адам, оның ішінде 8 бала қаза болған.


Соңғы жаңалықтар