ШҚО: Үржар ауданының жәрмеңкесі өтті

None
None
ҮРЖАР. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында Үржар ауданының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үржардан барған кәсіпкерлердің ауылшаруашылық өнімдер жәрмеңкесі облыс орталығының «Fresh market» гастрономының алдын қызу базарға айналдырды.

Ауданның ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Тәуіржан Шомановтың айтуынша, жәрмеңкеде өнімдер қала базарының нарығындағы 10-15 пайызға төмен бағада сатылған.

null 

Онда 6 тонна ет әкеліп, сиыр еті - 1 300-1 500 теңге, қой еті - 1 200, жылқы еті - 1 300-1 600 теңгеден саудаланды. Сары майдың келісі - 2 мың теңге, қымыздың литрі - 500 теңге, балдың келісі 1 мың теңгеден бағаланды. Сонымен қатар жәрмеңкеде көкөніс, орамжапырақ, картоп, пияз сөреге қойылды. Кілегей, ірімшік, құрт, айран сияқты сүт тағамдарын «Арыстанбек-Үржар» ЖШС молынан апарып, қолжетімді бағамен қала тұрғындарына ұсынды.  

null 

Жәрмеңкені өткізуге ауданның 17 ауылдық округінен 20-дан аса шаруа қожалығы мен кәсіпкерлер белсене қатысты.

null 

Айта кетейік, жәрмеңке барысында үржарлық көркемөнерпаздар  өскемендіктерді ән-жырға бөледі.

Соңғы жаңалықтар