ШҚО: Үржар ауданында 30 гектар қамыс өртеніп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында құтқарушылар 30 гектар қамысқа жайылған өртті сөндіре алмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Үржар ауданы Егінсу ауылдық округіндегі «Мың көл» учаскесінде қамыс өртенген.

«Тілсіз жаудың жалпы ауданы 30 гектарды құрап отыр. Қызыл жалын батпақты жерлерді шарпығандықтан оны ауыздықтау қиынға соғуда. Отты өшіруге өрт сөндіру бөлімі, «Алакөл» табиғи қорығы, жергілікті атқарушы орган мен шаруа қожалығы жұмысшыларынан 22 адам жұмылдырылған», - делінген ақпаратта.

Күз басталғалы бері өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы орган өкілдері күн сайын дала өртін ауыздықтауға аттанып жатыр. Биыл осындай 293 оқиға тіркелген. От жалпы 7936,5 гектар аумақты жалмаған. Көбінесе Аягөз, Тарбағатай және Бесқарағай аудандарында дала өрті шығады. Жалынның шығуына – отты абайсыз қолдану, сөндірілмеген темекі тұқылы немесе найзағайдың түсуі себеп болып жатады.



Соңғы жаңалықтар