ШҚО тұрғынының көлігінен заңсыз ауланған 150 келіге жуық балық табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы тұрғынының көлігінен заңсыз ауланған 150 келіге жуық балық табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, патрульдік полиция батальонының инспекторлары «Өскемен-Самар» тасжолында «ГАЗ» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Көлік тізгінінде 54 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны болды.

«Полиция қызметкерлері Самар ауылынан облыс орталығына жол тартқан автокөлік салонынан 20 қап балық тапты. Заңсыз ауланған балықтың жалпы салмағы 143 келіні құраған. Осының салдарынан мемлекетке 256 мың теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Көлік жүргізуші өз сөзінде балықты Самар ауылындағы базардан сатып алғанын жеткізген. Аталған факті бойынша материалдар Ұлан аудандық Полиция бөлімінің жедел тергеу тобына жолданды.

Соңғы жаңалықтар