ШҚО тұрғынының гаражынан заңсыз сақталған екі мылтық табылды
2021 жылғы 10 қазан 00:25

ШҚО тұрғынының гаражынан заңсыз сақталған екі мылтық табылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының тұрғыны гаражда екі мылтықты заңсыз сақтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары «Учаске» жедел алдын алу шарасы барысында заңсыз сақталған қаруларды тәркіледі.

«Полиция қызметкерлеріне Зайсан ауданының 30 жастағы тұрғынында тіркелмеген қару бар екендігі жайлы ақпарат түскен. Соған орай бірден тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, ер адамның гаражынан 2 қару табылды. Олар сараптамаға сәйкес «ТОЗ-8м» моделінің 5,6 мм калибрлі және «ТОЗ-63» моделінің 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтықтары. Екі қару да атуға жарамды болып шықты», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT