ШҚО тұрғынынан қару-жарақ арсеналы тәркіленді

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының тұрғынынан қару-жарақ арсеналы тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары Алтай ауданы Серебрянск қаласында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында тіркелмеген қару-жарақ арсеналын тапты.

«Қала тұрғыны жеке тұрғын үй аумағында бес тегіс ұңғылы мылтықты, ұсақ калибрлі мылтықтың ұңғысын, үш аңшылық пышақты және 50-ден астам оқ-дәріні заңсыз сақтаған. Қазіргі уақытта полицейлер тіркелмеген қарудың қайдан алынғанын анықтап жатыр.


Баллистикалық сараптама тағайындалды», - делінген ақпаратта.

Ведомство дерегінше, бүгінде өңірде «Қару тапсыр» акциясы өтіп жатыр.

Соның аясында заңсыз сақталған қару-жарақты өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Сондай-ақ қаруды тапсырғаны үшін оның техникалық күйін ескере отырып республикалық бюджеттен 10-нан 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде төлем беріледі.


Соңғы жаңалықтар