+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

ШҚО тұрғынынан қару-жарақ арсеналы тәркіленді

2021 жылғы 20 қыркүйек 14:03
Бөлісіңіз:
ШҚО тұрғынынан қару-жарақ арсеналы тәркіленді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 56 жастағы ер адам үйде қолдан қару жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да 1 жарым гектарды шарпыған дала өрті сөндірілді Президент тапсырмасы: ШҚО-да өзендерді ластаған компания жауапкершілікке тартылды Елордалық полицейлер бір тәулікте 86 қылмысты ашты

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары атыс қаруын заңсыз сақтады деген күдікке іліккен азаматтың үйінде тінту жүргізді.

Соның нәтижесінде, 56 жастағы ер адамның үйінен 100-ден астам оқ-дәрі мен 6 түрлі қару тәркіленді. Оның ішінде 5,6 мм калибрлі патронмен ататын қолдан жасалған тапанша мен мылтық, 28 және 12 мм калибрлі ТОЗ-34 маркалы тіркелмеген мылтықтар бар.

«Ер адамның айтуынша, ол тәркіленген қарудың бірнешеуін үйде қолдан жасаған. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 287 және 288-баптары (қаруды заңсыз сақтау және дайындау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT