ШҚО тұрғынын WhatsApp-та балағаттаған әйел қоғамдық жұмысқа тартылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тұрғынын WhatsApp мессенджерінде балағаттаған әйел адам қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір тұрғыны WhatsApp мессенджерінде апайына балағат сөздермен аудио жіберген. Осылайша, әйел адам мен оның күйеуін қорлағаны үшін ол 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды.

Жазбаны сақтап алған жәбірленуші сотқа жүгінді. Белгілі болғандай, екеуінің арасында анасының мұрасына байланысты жанжал шыққан. Сот әйелді құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 80 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартты.

«Сотталған пробация қызметінде есепке қойылып, қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жергілікті органға жіберілді. Сондай-ақ пробация қызметінің инспекторлары әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және одан әрі жұмысқа орналастыру туралы мәселені қарастыруда», - деді пробация қызметінің бастығы Алмас Бұйратов.


Соңғы жаңалықтар