ШҚО тұрғынын подъезде пышақтап кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тұрғынын подъезде пышақтап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қаңтар айының соңында полиция қызметкерлері Гагарин даңғылында жүрген киімінде қан іздері бар 22 жастағы жігітті ұстады.

«Анықталғандай, ер адам сол даңғылдағы тұрғын үйлердің біріндегі подъезде 33 жастағы азаматқа пышақ сұққан. Жараланған жәбірленуші қалалық ауруханаға жеткізіліп, оған бірден медициналық көмек көрсетілді, - деді ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар