ШҚО тұрғыны суға батып бара жатқан қызды құтқарып қалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Әділхан Ауғалиұлы суға батып бара жатқан қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Таулы Үлбі су қоймасының жағасында демалып жатқан ер адам көмекке шақырған айқайды естіп қалады. Еш ойланбастан суға секірген ол батып бара жатқан қызды құтқарып қалған.

Департамент мамандарының айтуынша, бұл терең және ағыны қатты су айдынында қайғылы жағдайдың орын алу қаупі жоғары.

«Айқайды естігенде қыздың жақын жерде батып бара жатқанын бірден түсіндім. Құтқарушыларды шақыруға уақыт болмады. Мұндай сәтте әр секундтың құны алтынға бергісіз. Қыздың ту сыртынан жүзіп барып ұстап алдым да жағаға дейін алып шықтым», - деп бейбіт күннің батыры сол бір сын сағатты еске алды.

Осы ретте, ТЖД құтқарушылары өңір жұртшылығына су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.


Соңғы жаңалықтар