ШҚО тұрғыны шұңқырға құлаған баланы құтқарғаны үшін марапатталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында әжетхана шұңқырына құлап кеткен баланы құтқарған азамат марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Катонқарағай аудандық әкімдігінде азаматтық қорғау органдарының 25 жылдық мерейтойына орай кішкентай балаға көмектескен Раджан Айдарбаевқа «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісі берілді.

Өткен жылдың қыркүйек айында әйел адам ойын алаңына екі баласымен келген. Бірнеше минут назарын басқаға бұрған ол кіші ұлын жоғалтып алады. Анасы айқайлап баланы шақырғанымен ешкім жауап бермеген. Осы кезде сол маңайда болған Раджан Айдарбаев қоғамдық әжетхананың шұңқырына түсіп кеткен бүлдіршінді байқап қалды.

«Раджан бірден көмекке ұмтылып, баланы шұңқырдан алып шықты. Осындай бейбіт күннің батырлары мақтауға тұрарлық», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар