ШҚО тұрғыны балконнан диван лақтырып жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өскемен тұрғыны тоғызыншы қабаттағы балконынан диван лақтырып жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат altaynews.kz-қа сілтеме жасап.

Оқиға кеше Гагарин бульварында орналасқан 36-шы үйде болды. Ер адам тоғыз қабатты үйдің балконынан әуелі диванын, одан кейін қалған қоқысты лақтырған. Куәгерлер оқиғаны видеоға жазып алып, әлеуметтік желіде таратқан.

Бұл жағдай тәртіп сақшыларының назарынан тыс қалған жоқ.

«Аталған факті бойынша қаланың 40 жастағы тұрғыны анықталып, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзшылықтар турал кодексінің 434-бабымен (ұсақ бұзақылық) әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы хаттама толтырылды»,- деді Өскемен қалалық полиция басқармасынан.





Соңғы жаңалықтар