ШҚО тұрғыны бақшасында қарасора өсірген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының тұрғыны бақшасында қарасора өсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары есірткі айналымын анықтауға және жолын кесу мақсатында «Дәрмек» жедел алдын алу шарасын қолға алған. Соның нәтижесінде, полицейлер Кожохово ауылының 33 жастағы тұрғынын ұстады.

«Тінту барысында ер адамның бақшасынан жалпы салмағы 500 грамнан асатын қарасора өсімдігінің жеті бұтағы тәркіленді. Оның есірткіні жеке пайдалану мақсатында заңсыз өсіргені анықталды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабы 1-бөлігіне (Құрамында есiрткi заттары бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Соңғы жаңалықтар