ШҚО тұрғындарының жартысына жуығы халық санағынан өтті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында тұрғындардың жартысына жуығы халық санағынан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыдан бір айдан астам уақыт бұрын елімізде халық санағы басталған болатын. 30 қыркүйекке дейін санақ тек онлайн режимде өткізілді. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан жұртшылығының жартысына жуығы санақ сұрақтарына жауап беріп үлгерген. Бұл жайлы бүгін баспасөз брифингі барысында Ұлттық статистика бюросының ШҚО бойынша департаментінің басшысы Берік Терлікбаев мәлімдеді.

«Санақтан онлайн режимде 657 мың тұрғын немесе аймақ халқының 48 пайызы өтті. Респонденттердің көбісі санаққа телефон арқылы қатысқан. Бұл көрсеткіште өңір бойынша Семей қаласы көш бастап тұр. Онда 113 мыңнан астам азамат санақтан өткен. Екінші орында – Өскемен (103 мың адам), үшінші орында – Үржар ауданы (56 мың адам)», - деді ол.

Берік Терлікбаевтың айтуынша, санақ жүргізу үшін 1 қазаннан бастап тұрғын үйлерді аралау басталды. Облыста бұл жұмысқа 1215 адам қабылданған. Оның ішінде 180 нұсқаушы-бақылаушы және 963 интервьюер бар.


Соңғы жаңалықтар