+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

ШҚО тұрғындарының жалған вакцинация туралы шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалды

2021 жылғы 28 қыркүйек 10:10
Бөлісіңіз:
ШҚО тұрғындарының жалған вакцинация туралы шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылындағы тұрғындардың жалған вакцинация туралы шағымы негізінде қылмыстық іс қозғалды, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда 700 мыңнан астам адам вакцина алды ШҚО-да биыл тұрмысы төмен және көпбалалы 1125 отбасы баспаналы болады Риддерде 70-тен асқан зейнеткер дүкенде есірткі сақтаған

Әлеуметтік желіде Катонқарағай ауданының №2 аудандық ауруханасында вакцинацияланбаған тұрғындардың екпе алған адам ретінде тіркеліп жатқаны туралы видеоүндеу түріндегі шағымдар тараған. Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі осы мәлімет бойынша ресми ақпарат берді.

«Бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі адамды анықтау үшін бірқатар шаралар жүргізілуде. Видеодағы адамдар куәгер ретінде сұралып жатыр», - деп жазылған департаменттің баспасөз қызметі жолдаған деректе.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT