ШҚО тұрғындарының пештегі тамақты ұмыт қалдыруы салдарынан 57 рет өрт болған
2022 жылғы 11 тамыз 04:31

ШҚО тұрғындарының пештегі тамақты ұмыт қалдыруы салдарынан 57 рет өрт болған

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері тұрғындардың пештегі тамақты ұмыт қалдыруы салдарынан 57 рет өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде Қабанбай батыр көшесіндегі үйде пешке қойылып ұмытылып кеткен тамақ өрттің шығуына себеп болды. Сол кезде үй иесі ұйықтап жатқан. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды толықтай ауыздықтады.

«2022 жылдың басынан бері құтқарушылар осындай жағдайларға 57 рет барды. Пеште тамақты ұмыт қалдыру өте қауіпті. Балалар, қарттар, тыныс алуы аурулары бар адамдар түтіннен зардап шегеді. Тамақты пешке қойып ұйықтап жатқан азамат ешқашан оянбай қалуы мүмкін», - деп ескертті құтқарушылар.

Пешке тамақ қойып ұмыт қалдырғаны салдарынан өрт шықса ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы бойынша ескерту жасалып немесе жеке тұлғаларға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT