ШҚО тұрғындарының 97 пайызы халық санағынан өтті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында тұрғындардың 97 пайызы халық санағынан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізде кезекті ұлттық халық санағы жүргізіліп жатқаны белгілі. Шығыс Қазақстан облысында санақтың қалай өтіп жатқаны туралы баспасөз брифингі барысында айтылды.

ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаевтың мәліметінше, санақтан онлайн режимде 788 мыңнан астам адам өткен. Бұл өңір жұртшылығының 58 пайызы. Осы көрсеткіш бойынша облыс республикада бірінші орында тұр.

«Сауалнама 1 қазаннан бастап оффлайн режимде жүргізілуде. Бүгінгі таңда 533 мың азамат немесе аймақ халқының 39 пайызы сауалнама сұрақтарына жауап берген. Жалпы, ұлттық санақтан Шығыс Қазақстан тұрғындарының 97 пайызы өтті», - деді ол.

ШҚО бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Берік Терлікбаевтың сөзінше, Абай ауданында деректерді жинау мерзімінен бұрын аяқталды. Осы көрсеткіш бойынша Катонқарағай ауданы екінші, ал Шемонаиха ауданы үшінші орынға жайғасқан.


Соңғы жаңалықтар