ШҚО тұрғындарынан заңсыз сақталған 30-дан астам атыс қаруы тәркіленді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полицейлері заңсыз сақталған 30-дан астам атыс қаруын тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша 17 мамырдан бастап «Қару» жедел-алдын алу шарасы жүргізілуде.

Ондағы мақсат – заңсыз айналымнан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді тәркілеу.

Екі апта ішінде полиция қызметкерлері 3 тапанша, 4 шолақ және 25 тегіс ұңғылы мылтықты, 150-ден астам оқты тәркіледі.

Тексерулер тек қалаларда ғана емес, шаруа қожалықтары мен жайылым учаскелерінде де жүргізілген.

«Мәселен, Катонқарағай ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінен тіркелмеген «ТОЗ» маркалы мылтық табылды. Сонымен қатар жедел уәкілдер Көкпекті ауданындағы 36 жастағы омарташыдан ұяның астына тығылған мылтық пен оқ-дәрілерді анықтады. Қазір тәркіленген барлық қару-жарақ криминалистикалық есеп бойынша тексеріліп, сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар