ШҚО тұрғындарынан дәрігерлерге қатысты 1 мыңнан астам шағым түсті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір жылда тұрғындардан дәрігерлерге қатысты мыңнан астам шағым түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы облыстық ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚО филиалының басшысы Ғалымжан Әбілов мәлімдеді.

«Филиал мамандары медициналық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп, тұрғындарға түрлі мәселелер бойынша кеңестер беруде. Бір жыл ішінде қоғамдық ақпарат бөлімі 37 000-нан астам өтінішті қарады. Олардың көпшілігі қандай да бір қызметтерге қатысты кеңес сұраған. Ал 1213 адам медициналық мекеме дәрігерлеріне қатысты арыз-шағым айтты», - деді ол.

Соған орай 25 жоспардан тыс мониторинг жүргізілді.

Нәтижесінде, 7 миллион теңгеден астам сомаға 1187 бұзушылық анықталды. Кінәлілер тиісті жазаға тартылған.

Айта кетейік, азаматтар өз арыздарын қорға fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы және Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы қалдыра алады.



Соңғы жаңалықтар