ШҚО тұрғындарына бір жылда 27 мыңға жуық ота жасалған

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында былтыр 6400-ден астам адам медициналық оңалтудан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Шығыс Қазақстан облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2022 жылы өңір бойынша күндізгі және тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда 6400-ден астам науқас оңалтудан өткен.

Осы мақсатта 1,4 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалды.

«Қызметтердің басым бөлігі ересектерге арналған травматологиялық оңалту емі мен медициналық оңалту бойынша көрсетілді, нақты айтқанда 1600-ге жуық пациент. Екінші орында неврологияға қатысты оңалту - 1220 адам», - дейді филиал басшысы Нұрлан Кідірбаев.

Сондай-ақ биыл шығысқазақстандықтар тар шеңберлі мамандардан 1,1 млн-нан астам мәрте кеңес алған.

«Стационарлық көмек көрсету мониторингінің қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстандағы медициналық ұйымдарда МӘМС есебінен 26 727 ота жасалды. Оның 260-ы - жоғары технологиялық медициналық ота. Бұдан бөлек, жыл бойы облыста 1 144 330 зертханалық зерттеу, 501 054 аспаптық диагностика жүргізілген», - дейді Нұрлан Кідірбаев.


Соңғы жаңалықтар