+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

ШҚО тұрғындары жол бойынан жарылғыш зат салынған қапшықтар тауып алды

2021 жылғы 22 шілде 19:44
Бөлісіңіз:
ШҚО тұрғындары жол бойынан жарылғыш зат салынған қапшықтар тауып алды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары тасжолдардың бірінен жарылғыш зат салынған қаптарды тауып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да анасымен жанжалдасқан 45 жастағы ер адам асылып қалмақ болды Қостанайда жүк көлігін соққан жүргізуші мерт болды ШҚО-да із-түссіз жоғалып кеткен ер адам табылды

22 шілдеде әлеуметтік желіде Жаңғызтөбе-Аягөз тасжолының маңында түсірілген видео тарап кетті. Автордың айтуынша, ол жол жиегінде жатқан бірнеше қапты байқап қалған.

«Біз тоқтап, сөмкелерге таяғанда аң-таң болдық. Олардың сыртында «жарылғыш зат» деп жазылып тұр екен. Қасында «электр тоғынсыз жару жүйесі» деген жазуы бар қораптарды байқадық. Бұл деген сұмдық қой!», - дейді ол.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бұл видео Жарма ауданының аумағында түсірілген. Қазіргі уақытта аталған учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Анықталғандай, жарылғыш заттар жол төсемесін салу үшін сол жерге жеткізілген. Оны жару жұмыстарын жүргізетін ЖШС өкілдері әкелді. Полиция қызметкерлері аталған учаскеде кезекшілік етуде. Тұрғындарға төніп тұрған еш қауіп жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT