ШҚО тұрғындары полицияға 150-ден астам атыс қаруын өткізді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары полицияға тіркеуге алынбаған 159 атыс қаруын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2014 жылдан бастап жыл сайын ел аумағында халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде сатып алу акциясы өткізіледі. Биыл аталмыш шара 1 сәуірде басталған болатын.

«Тіркелмеген қаруды немесе оқ-дәрілерді ішкі істер органдарының бөлімшесіне тапсырған азаматтарға ақшалай сыйақы берілуде. Акция басталғалы осы уақытқа дейін жалпы сомасы 9 миллион теңгеден асатын 159 қару қабылданды. Түрі мен санатына байланысты қарудың бір данасы үшін төлем сомасы 10-нан 50 АЕК-ке дейін, ал ақшаға шаққанда 29 000-нан 145 мың теңге мөлшерін құрайды. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Мәселен, «102» жедел арнасына хабарласқан әйел адам өзіне мұраға қалған саяжайда жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында мылтыққа ұқсас зат тауып алғанын айтты. Ол қаруды полиция қызметкерлеріне өткізді. Тиісті сараптамалар жүргізілгеннен кейін әйелге ақшалай сыйақы берілмек.


Соңғы жаңалықтар