ШҚО тұрғындары он күнде 7 мыңнан астам рет жол ережесін бұзды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары он күнде 7 мыңнан астам рет жол ережесін бұзды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында 21-31 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өткізілді. Мұндағы мақсат – жол-көлік оқиғаларын азайту, ереже бұзушыларды жауапқа тарту және халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Шара басталғалы әсіресе түнгі уақытта көшедегі патрульдік полицейлердің саны арттырылды. Мас күйде көлік тізгіндеу, рұқсат етілмеген жерде басқа көлікті басып озу, қарсы жолаққа шығып кету, маневр жасау ережелерін сақтамау сынды ереже бұзушылықтарға ерекше назар аударылды.

«Он күн ішінде 7 240 жол ережесін бұзу фактісі анықталды. Атап айтқанда, мас күйде көлік құралын басқару - 46, көлік тізгіндеу кезінде телефон пайдалану – 701, қауіпсіздік белдігін тақпау - 1250, маневр жасау ережелерін бұзу - 824. Сонымен қатар 106 автокөлік арнайы тұраққа қойылып, 94 көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі алынды», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар