ШҚО тұрғындары көмір сапасыздығына шағымдануда

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары көмір сапасына қатысты шағымданып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде шығысқазақстандықтар көмірдің сапасыздығына байланысты наразалықтарын білдіруде. Кейбіреулер биыл жылыту маусымы қарсаңында сатылып жатқан көмірде басқа қосындылардың көптігіне шағымданса, енді бірі көмірдің тым ұсақтығын айтуда.

«Көпір сапасыздығына қатысты өңір тұрғындарының шағымдарына байланысты «Қаражыра» АҚ-ға және теміржол тұйықтарының иелеріне сұраухат жіберілді. Әзірге ресми жауап келгенін күтіп отырмыз. Соған байланысты тиісті шаралар қабылданады», - деп хабарлады ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.

Айта кетейік, биыл өңірде көмір тоннасының бағасы – 10300 теңгені құрайды. Ал өткен жылы 9600 теңге болған.


Соңғы жаңалықтар