ШҚО тұрғындары екі күнде 3 мыңнан астам құқықбұзушылық жасады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары екі күнде 3 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 23 тамыздан бастап тәртіп сақшылары өңір аумағында «Құқық тәртібі» жедел алдын алу шарасын жүргізуде. Мұндағы мақсат – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу.

«Екі күннің ішінде полиция қызметкерлері 49 қылмысты ашып, 11 заңсыз сақталған қаруды тәркіледі. 3225 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде ұсақ бұзақылық – 471, қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішу немесе мас болып жүру – 700. Сондай-ақ түнде жалғыз жүрген 226 кәмелетке толмаған бала тіркеліп, мас күйде көлік тізгіндеген 36 адам жауапқа тартылды», - дейді облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев.

Айта кетейік, «Құқық тәртібі» жедел алдын алу шарасы 29 тамызға дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар