ШҚО тұрғындары бюджет қаражатының жұмсалуын қадағалай алады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары бюджет қаражатының қалай жұмсалатындығын сайт арқылы қадағалай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арнайы сайттың арқасында облыстың әрбір тұрғыны мектептердің, балабақшалардың, ауруханалардың және басқа да мемлекеттік ұйымдардың бюджет қаражатын қалай, не үшін және қандай мөлшерде жұмсалып жатқанын біле алады.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету басты мақсаттардың бірі.

Өскеменде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткен онлайн-тренинг барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарсы қызмет өкілдері қылмыспен күресуге көмектесетін маңызды аспектілерді қарастырды.

Талқылауға арналған тақырыптардың бірі бірегей жоба – бюджет қаражатының интерактивті картасы болды. Осының арқасында еліміздің кез келген тұрғыны мемлекеттік объектілерді салуға, жөндеуге және күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатын бақылай алады. Сонымен қатар карта әр құжаттаманы салыстыруға және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда шағым қалдыруға мүмкіндік береді.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мемлекеттік мекемелердің қаржылық деректерінің ашықтығы мен қолжетімділігі мүмкіндік береді. Қазір әрбір басшы бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі деректердің кез келген адамға қолжетімді екенін және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке өтініштерді тікелей беруге болатынын біледі», – деп атап өтті қазақстандық саясаткер Зәуреш Батталова.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысының интерактивті картасында жалпы сомасы 821,9 млрд теңгеге 3658 бюджет жарияланды. Бюджет қаражатының жұмсалуы туралы барлық ақпарат «PPublicbudget.kz» сайты бойынша ашық әрі қолжетімді.


Соңғы жаңалықтар