ШҚО тұрғындары биыл ХҚО-дан 1,5 млн қызмет алды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары жыл басынан бері халыққа қызмет көрсету орталықтарында 1,5 млн-нан астам қызмет алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ШҚОФ директоры Азамат Есембуловтың айтуынша, реестрдегі 690 мемлекеттік қызметтің 662-і корпорациясы арқылы көрсетілген.

Оның 645-і электронды форматта қолжетімді.

«Жыл басынан бері өңір жұртшылығына ХҚО-лар арқылы 1,5 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға артық. 2021 жылы электронды қызметтерді өз бетінше алу көрсеткіші де өскен. Мәселен, былтыр тұрғындар өздері 900 мыңнан астам қызметті өздері алса, биыл бұл көрсеткіш 1 млн-ға жетті. Бұл жерде коронавирус пандемиясының әсері бар», - деді ол онлайн форматта өткен баспасөз конференциясында.

Сондай-ақ автокөлік иелері қызметтерді жиі онлайн ала бастаған.

Осы жылдың басынан бері мамандандырылған ХҚО-да шығысқазақстандықтар өз бетінше 26 мыңнан астам мемлекеттік қызмет алған.

Оның ішінде 10 мыңға жуық азамат автокөлікті қайта тіркеуден өткізсе, 3 мыңнан астамы жүргізуші куәлігін онлайн өтініш беру арқылы ауыстырды.



Соңғы жаңалықтар