ШҚО трассаларында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы трассаларда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1 маусым мен 15 тамыз аралығында сағат 11.00-ден 21.00-ге дейін ауа температурасы +25°С жоғары болған кезде бір оське жүктемесі 8 тоннадан асатын жүк көліктерінің қозғалысы үшін уақытша шектеу енгізілді.

«Бұл шектеу жүктер мен жолаушылардың халықаралық тасымалын жүзеге асыратын автокөліктерге, сондай-ақ тез бұзылатын тауарларды, қауіпті жүктерді, жолаушылар мен багажды тасымалдайтындарға қолданылмайды. Ауыр жүк таситын жүргізушілерге енгізілген шектеулерді ескере отырып, маршрут құруға шақырамыз», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде жеңіл көлік пен «жедел жәрдем» соқтығысып, 5 адам зардап шеккенін хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар