ШҚО төтенше жағдай қызметі ресейлік әріптестерімен жаттығу өткізді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Ресейдің Алтай өлкесі мен ШҚО төтенше жағдай қызметінің салалық бөлімшелері бірлескен жаттығу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл шара шекаралық елді мекендерде орын алатын табиғи және техногендік сипаттағы  апаттардың алдын алу, ескерту жүйесін пысықтау мақсатында ұйымдастырылды.

 «Жаттығу барысында байланыстың барлық түрлерін тексеріп, бірлескен әрекеттерімізді пысықтадық. Шекаралық елді мекенде төтенше жағдай бола қалған жағдайда екі жақ бірлесіп әрекет етпекпіз» - дейді төтенше жағдайлар департаментінің техникалық қызмет және хабарлау бөлімінің басшысы Дмитрий Агиенко.

Бірлескен шара барысында Алтай өлкесі мен Алтай Республикасының төтенше жағдай қызметтері Шығыс Қазақстанға жалпы қолданыстағы телефон арқылы, электронды пошта мен қысқа желілік радо толқыны арқылы хабарласып, байланыстың үздіксіздігіне көз жеткізді.

Соңғы жаңалықтар