ШҚО Техникалық университетінде Абай атындағы оқу дәрісханасы ашылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық университетінде Абай атындағы оқу дәрісханасы ашылды. Аталған іс-шара Абайдың 175 жылдығына және Тәуелсіздік күні қарсаңына орайластырылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атаулы аудиторияның ашылуы инженерлік ойды қалыптастыратын техникалық университеттегі гуманитарлық компоненттің қаншалықты маңызды екендігінің дәлелі. Әлем тарихында адамзаттың дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалар барын білеміз. Адамдар сол тұлға арқылы оның ата мекенін, туған халқын, тілін таниды. Оның өмір жолымен, шығармашылығымен танысқан әр жаңа ұрпақ өзін мазалаған сан сұраққа жауап табады Адамзат үшін Абай – сондай санаулы тұлғалардың бірі.

Оқу дәрісханасының ашылу салтанатына құрметті қонақтар шақырылды. Олардың қатарында философия ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің философия кафедрасының меңгерушісі Ғарифолла Есім және М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының халықаралық байланыстар және әлемдік әдебиет бөлімінің меңгерушісі, ҚР Жазушылар Одағының Басқарма мүшесі Ананьева Светлана Викторовна іс-шараға онлайн режимде қатысты.

Сонымен қатар, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлістігінің ШҚО филиалының төрағасы Шерубаев Айтқазы Сеидұлы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Шәкәрім университеті Абай институтының директоры, абайтанушы Әубәкір Жандос Мағазбекұлы арнайы келіп қуанышымызбен бөлісті.


- Қанша уақыт өтсе де, қандай жағдай болса да біздің ұстанатын басты темірқазығымыз ол - Абай. Ақынның шығармаларынан кез келген бағыттағы маман өзіне керегін табады және нәр алады. Оның бір айқын дәлелі, үлкен техникалық университетте Абайға деген жасалып жатқан құрметтен байқаймыз,- дейді Жандос Әубәкір.

Светлана Викторовна жиын барысында қатысушылармен қуанышты жаңалықпен бөлісті. Оның айтуынша, жақында Рим қаласында Абай Құнанбайұлының орталығы ашылған екен. Сондай –ақ, ақынның итальян тіліне аударылған шығармаларының тұсауы кесіліпті.



Соңғы жаңалықтар