ШҚО тауларынан жасанды жолмен қар түсіріліп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа температурасының күрт жылынуы мен қатты желдің салдарынан аймақта қар көшкіні жүру қаупі туындаған. Осыған орай «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының қызметкерлері «Өскемен-Алтай» тасжолында жасанды жолмен 6 рет қар көшкінін түсірді.

«Соның нәтижесінде, 4120 текше метр қар түсті. Қар жолды жауып тастады. Бірден тазарту жұмыстары жүргізіліп, жол қайта ашылды. Жалпы облыстың таулы жерлерінде 20 қаңтарға дейін қар көшкіні жүру қаупі бар», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.


Соңғы жаңалықтар