ШҚО тауларынан 41 мың текше метрден астам қар түсірілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен-Зыряновск темір жолының Ермаковка-Огневка аралығында іргелес тасжолын жауып тұрған 660 текше метр қар көшкіні төмен түсірілді. Жолды тазалап, өтетін бағыт ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өскемен- Таулы Ульбинка-Солтүстік тас жолындағы екі аумақта тағы бір қар көшкіні түсірілді.

«Жолды толықтай бөгеп тұрған 13 мың текше метр қар тазартылды. Барлығы ойдағыдай өтті», - деп хабарлады ТЖ департаменті.

Екі ведомствоның (ТЖД және «Казселезащита») мамандары атап өткендей, биыл қар көп жауды. Қыстың басынан бері олар 15 профилактикалық жарылыс ұйымдастырып, нәтижесінде 41 700 шаршы метр қар түсірілді.

Соңғы жаңалықтар