ШҚО студенттеріне 9 жатақхана қажет

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда студенттерді жатақханамен қамту ісіне жеке компаниялар тартылуы мүмкін. Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова екіжақты серіктестіктің жол картасы да дайындалғанын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдіктің кеңейтілген аппарат кеңесінде Елбасының бес әлеуметтік бастамасын іске асыру барысы талқыланды. Әсем Нүсіпованың айтуынша, облыс бойынша 4650 студент жатақханаға мұқтаж. Осы сұранысты қамтамасыз ету үшін 9 ғимарат салу қажет.

-Бой көтеруі тиіс жатақханалардың 3 типтік жобасын дайындадық. Олар, 5,7 және 9 қабатты болмақ. Әзірге Білім және ғылым министрлігі олардың қандай көзден қаржыландыру керектігін нақты айтқан жоқ. Біздің өңірде мемлекеттік-жекешелік әріптестігі жақсы жол қойылғанын ескеріп, осы бағытта жол картасын дайындадық» - деді әкімнің орынбасары.

Облыстың әкімі Даниал Ахметов құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына аталмыш жол картасын, талдауды тапсырды.  Қазіргі таңда өңірдегі жетекші оқу орындарына жатақхана үшін жер бөлінген. Ал кейбір білім ошақтары жатақхана тапшылығын аяқсыз қалған құрылыс нысандарының есебінен шешуде.

Соңғы жаңалықтар