ШҚО стационарларында 70-тен астам адам коронавирустан емделіп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар күрт азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар күн сайын азайып келеді.

«Соңғы тәулікте тек 1 адам қауіпті дертке шалдыққан. Ал 4 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 72 науқас ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы Шығыс Қазақстандағы стационарларда төсек-орын жүктемесі – 4 пайызды құрайды», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін елімізде өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус инфекциясының анықталғаны хабарланды.


Соңғы жаңалықтар