ШҚО стационарларында 230 адам коронавирустан емделіп жатыр

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирус науқастарына арналған стационарларда төсек-орын жүктемесі 11% құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша соңғы тәулік ішінде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 12 адам тіркелді. Оның ішіндегі 10 науқаста симптом бар болса, 2 адам сырқатты симптомсыз өткеруде.

«Бір күнде 8 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. 2 симптомсыз вирус тасушы үй карантинін аяқтады. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 230 пациент ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы облыста стационарларда төсек-орын жүктемесі – 11% құрайды», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін соңғы тәулікте 422 адам коронавирустан емделіп шыққаны хабарланған болатын.



Соңғы жаңалықтар