ШҚО стационарларында 183 адам коронавирустан емделіп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирус науқастарына арналған стационарларда төсек-орын жүктемесі - 9,6%, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша соңғы тәулік ішінде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 213 адам тіркелді.

Оның ішіндегі 199 науқаста симптом бар болса, 14 адам сырқатты симптомсыз өткеруде.

«Бір күнде 4 науқас коронавирустан толықтай сауығып шықты. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 183 пациент ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы Шығыс Қазақстандағы стационарларда төсек-орын жүктемесі – 9,6%-ды құрайды», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін елімізде бір тәулікте 11,5 мың адамның коронавирус жұқтырғаны хабарланған.


Соңғы жаңалықтар